Acerca de


«Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды». Бұл – Елбасының сөзі. Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты көлемді мақаласы жарық көрді . Нұрсұлтан Назарбаев онда Қазақстанның тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін, қандай қиындықтардан өткенін айтып берді.
30 жыл. Адамзат тарихы үшін қас-қағым сәт, ал тәуелсіз Қазақстан үшін бұл – үлкен белес. Тәуелсіздікті бағалау бар, құрметтеу ләзім. Сондай-ақ тағылым алу да керек. «Торқалы той қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу үшін бүгін туған халқыммен ой бөлісуді жөн көрдім» деп бастайды Елбасы етжеңді мақаласын.
Бодандықтан шығар жол – кедір-бұдыр, қиын жол. Елбасы қазақ көрген қиындықты тізбектей келе, өз халқының төзімділігіне таңқалады. Сонау 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен бастап Азамат соғысы, ашаршылықтың алапат екі толқыны, қуғын-сүргін мен репрессиялар, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдары... «Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық» деп Елбасы жиі айтатын. Мұны бүгінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс, ұмыттырмау парыз.
Саяси және экономикалық реформалар. Атомнан бас тарту. Ұлттық теңгені айналымға енгізу. Экономикалық жаңғыру, инфрақұрылымдық даму. Мұның бәрі маңызды еді. Бірақ елдің басты байлығы – адам. Елбасы осылайша, тарыдай шашылған миллионнан астам қандасты қайтару ісін қолға алды.
- «Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін». Елбасы өз мақаласын осылай деп аяқтайды. Бұл ойдың астарында ел жастарына деген үлкен үміт пен сенім жатыр.
Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы Нурсултан Абишевич Назарбаев в преддверии знаменательной даты выступил со статьей "Уроки Независимости". Три десятилетия назад мы осознанно выбрали свободу и независимость как основу нашего мировоззрения и бытия.
В своём труде Елбасы рассказывает о том, какой путь пришлось пройти казахскому народу: от глубокой древности и до наших дней. Первый Президент акцентирует внимание на важности и ценности Независимости, о которой столетиями мечтали предки.
Обретение Казахстаном независимости - это закономерный результат многовековой самоотверженной борьбы наших предков. Именно их заслугам уделяет внимание в своей статье Елбасы. На пути к свободе казахский народ пережил немало испытаний: национально-освободительные восстания, две волны голодомора, репрессии сталинизма и Великую Отечественную войну. Перед всеми ударами судьбы казахский народ выстоял. Не сломил республику и кризис после распада Советского Союза.
Добиться этих и прочих результатов удалось благодаря единству всех проживающих этносов. "Народ сплоченный обрастает и богатством, и доброй славой. Народ разобщенный лишается сил и теряет лицо" - считает Нурсултан Назарбаев. Мы обрели независимость мирным путем, но долгая дорога к ней обильно полита кровью наших предков, пишет Нурсултан Назарбаев. Подытоживая статью, Елбасы вновь напоминает о заслугах дедов и прадедов.
"Независимость подобна птице счастья: она садится на руку лишь тому, кто ее лелеет, и обитает лишь там, где ее берегут. Твердо верю, что будущее Казахстана – страны с дружным и миролюбивым народом, сильной экономикой, стабильной политической системой, высоким авторитетом на международной арене – окажется намного содержательнее, чем вчера, и намного блистательнее, чем сегодня", - резюмирует Назарбаев.

.jpeg)

